Қазақстанда торпеда шығаратын жалғыз кәсіпорын сатылмайтын болды

Қазақстанда торпеда шығаратын жалғыз кәсіпорын сатылмайтын болды
фото: © Photo :  Қазақстан Президентінің әкімшілік сайты

Киров атындағы машина жасау зауытын сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

С.М. Киров атындағы ''Машина жасау зауыты'' АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша конкурс жарияланған болатын. Бірақ министрлік конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты 28 ақпанда ''Қазақстан инжиниринг'' ұлттық компаниясының тапсырма жіберілді. Сауда-саттық өткізілмейтін болды.

''Конкурстың өткізілмеуі ''Қазақстан инжиниринг'' ҰК'' АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы 9 қаулысымен қабылданған зауыттың іске асырылуы бойынша шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты'', - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, 1 наурызда Киров атындағы зауытты сауда-саттыққа шығарған. Бастапқы бағасы – 6,1 трлн теңге.

Бұл зауыт 1942 жылдан бері ТМД аумағында жылу қозғалтқышы бар торпедаларды шығаратын жалғыз зауыт болып саналады. 1950-1980 жылдары кәсіпорын кеңес қорғаныс өнеркәсібінің ең кірі әрі құпия нысандарына кірген. 2003 жылы зауыт ''Қазақстан инжиниринг'' ұлттық компаниясының құрамына енді.

ҚазАқпарат