Құрылыс және тұрғын үй

Бөлісу

Қазақстанда сатып алу құқығымен 80 мың теңгеге арендалық баспана алуға болады

Қазақстанда сатып алу құқығымен 80 мың теңгеге арендалық баспана алуға болады

       Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол елімізде сатып алу құқығымен жалдау құны 80 мың теңгеден аспайтын тұрғын үй бағдарламасы пайда болатынын айтты. 

       “Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жаңа механизмін әзірлеп жатыр. Оның шарттарына сәйкес кейін сатып алу құқығына ие болатын арендалық үйлерге бастапқы жарна төлемеуге болады”, — дейді Бауыржан Қабдол.

       Оның айтуынша, ай сайынғы жалдау ақысы ірі қалаларда орташа есеппен 70-80 мың теңгені, басқа аймақтарда 60 мың теңге болмақ.

       “Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кезекте тұрған адамның өтініші бойынша таңдау құқығын беруді ұсынады. Яғни сатып алу арқылы жалға алуға ауысу немесе бүгінгі шарттар бойынша сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйде қалуға болады”, — дейді комитет төрағасының орынбасары.

       Министрлік тұрғын үй құрылысын дамытудың жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 621 мың астам адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде 402 мың адам әлеуметтік осал топтағы азаматтар.

       Stan.kz

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через