Доллар кеше тағы да 7 теңгеге қымбаттады. Дегенмен экономистер қазіргідей алмағайып кезеңде доллар жаппай сатып алудан пайда жоқ екенін айтты. Бұл – уақытша құбылыс. Сондықтан әліптің артын бағу керек деп кеңес береді.
Соғыста қос тарап келісімге келсе, жағдай біртіндеп тұрақталады. Қазір шарықтаған баға да осыдан кейін қалпына келе бастайды.
Батыс Қазақстан университетінің доценті Александр Бурахта: «Валюта айырбастаймын деп соңғы тиыныңызға дейін долларға ауыстырудың керегі жоқ. Менің ойымша, доллар көп ұзамай арзандайды. Дегенмен бұл құбылыс ел экономикасына да ауыр тиетінін мойындауымыз керек. Өйткені солтүстіктегі көршімізбен қарым-қатынасымыз өте тығыз. Көп салаларда ортақ әріптестік бар», – деді.
Бұған дейін теңге құнсызданған еді.
Astana.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через