ҰОС кезінде майданға 1 миллион 200 мыңнан аса қазақстандық шақырылды, 20-дан аса атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар құрылған.
"Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тауып, жаралар мен аурулардан қайтыс болып, хабар-ошарсыз кетті. Тұтқыннан 630 мың адам оралмады", - делінген хабарламада.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:
- ҰОС қатысушылары үшін – 220 754 теңге (161 адам);
- ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 229 286 теңге (61 адам);
- басқа мемлекеттердің (Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Мысыр, Ирак және т.б.) аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері үшін – 215 201 теңге (25 752 адам);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 182 782 теңге (3 648 адам);
- ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін – 140 838 теңге (14 424 адам);
- ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері үшін – 148 892 теңге (57 436 адам).
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде және келесі нысанда қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді: тұрғын үйді жөндеу (20,4 миллион теңгеге 114 ардагер), отынмен қамтамасыз ету (179,3 миллион теңгеге 3 384 адам), қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (116,8 миллион теңгеге 6 463 адам), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (56,4 миллион теңгеге 4 826 адам), тіс протездеу (22 миллион теңгеге 239 адам), азық-түлік топтамасы (81,3 миллион теңгеге 8 097 адам) және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері.
Tengri news
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через