фото: https://sputnik.kz
Қазақстанда онлайн мектептер мен колледждер пайда болуы мүмкін
Қазақстанда онлайн мектептер мен колледждерді енгізу заңмен бекітілуі мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Министр пандемия білім беру жүйесі үшін үлкен сынақ және қатты сілкініс болғанын атап өтті.
"Әрине, онлайн оқуға әркім әртүрлі қарауы мүмкін. Бірақ біз бұл қазіргі заманның шынайылығы екенін түсінуіміз керек. Біз онлайн мектептер мен колледждер бойынша норманы заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін шаралар қабылдағымыз келеді", - деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.
Бұл мәселе алдын ала талқыланады. Себебі қазір интернеттің шегі мен шеті жоқ. Егер біздің балаларда онлайн колледждерде оқу мүмкіндігі болмаса, олар шекаралас немесе басқа елдерден білім алады, деп жалғастырды сөзін министр.
"Сол себепті бізге баламалы жолдар ұсыну маңызды. Проблема жоқ деп көз жұмып қарамай, керісінше, мұны шешіп, заңнамалық тұрғыда реттеу қажет. Бұл проблеманы біз келесі жылы шешеміз", - деді Аймағамбетов.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, пандемия кезінде 3 мыңға жуық бала Ресейдің виртуальды мектептерінде оқыған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через