фото: Pixabay
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын төрт лигаға бөлу жоспарланып отыр. Бұл "Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасынан" белгілі болды. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлады Informburo.kz.
Колледждер қандай лигаға бөлінеді:
Көшбасшы колледждер: тірек колледждерге тәжірибе таратады; ұлттық және халықаралық деңгейлердегі кәсіптік білім берудегі көшбасшылар; басқару мен оқытудың жоғары стандарттарымен, инновациялық инфрақұрылымымен ерекшеленеді.
Тірек колледждер: әлеуметтік және мақсатты колледждердің дайындық деңгейі мен инфрақұрылымының өсуіне жағдай жасауға ықпал етеді; өңірде стратегиялық рөл атқарады және озық технологиялар мен білім беру стандарттарын енгізу алаңы ретінде қызмет етеді.
Әлеуметтік колледждер: жаңғырту және өсу процесінде, жаңа технологияларды белсенді енгізуде; білім беру бағдарламаларын жаңарту жолында; тірек колледждердің қолдауымен өз деңгейін арттыруға ұмтылады.
Мақсатты колледждер: білім беру сапасының стандартын қамтамасыз етеді; прогресстің болмауымен, ескірген инфрақұрылыммен және бәсекеге қабілеттіліктің әлсіздігімен сипатталады; реформалар мен қалпына келтіру үшін қолдауды қажет етеді.
"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын төрт лигаға бөлуде олардың рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесі пайдаланылады", – делінген жол картасының жобасында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через