фото: Egemen Kazakstan
Биылғы ҰБТ-ның орташа көрсеткіші – 70 балл. 2022 жылмен салыстырғанда 3 балға жоғары.
Қазақстанда грант конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін негізгі ҰБТ аяқталды. Оған 304 мың түлек қатысса, олардың 76 пайызы тестті қазақ тілінде тапсырды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев хабарлады.
ҰБТ қатысушыларының 79 пайызы шекті балл жинады. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға жоғары. Сондай-ақ, тест тапсырушылардың орташа көрсеткіші де өскен. 2022 жылы ол 67 балл болса, биыл 70-ке көтерілді.
Биыл грант конкурсына құжаттар электронды форматта 13-20 шілде аралығында қабылданады. Конкурс нәтижесі 10 тамызда жарияланады. Ал университеттер абитуриенттерді 25 тамызға дейін студент қатарына қабылдайды.
"Биыл жоғары оқу орнына түсетін абитуриенттерге көп жағдай жасалды. Президент тапсырмасына сәйкес, биыл гранттардың саны 5 мыңға өсті. Ал стипендияның мөлшері 20 пайызға өсетін болады. 2023-2024 оқу жылына бөлінетін мемлекеттік тапсырыстың көлеміне тоқталар болсақ: бакалавриатта – 73 061 грантты, магистратурада – 13 088 грантты, докторантурада – 1890 орынды құрап отыр", – деп жазды ғылым вице-министрі.
Ақпарат дереккөзі: Informburo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через