Қазақстанда мыңдаған кәсіпкер банкрот болуы мүмкін

Қазақстанда мыңдаған кәсіпкер банкрот болуы мүмкін
фото: https://sputnik.kz

 Қазақстанда мыңдаған кәсіпкер банкрот болуы мүмкін

Ірі бизнес қант тапшылығына шыдаса, кофехана мен кондитерлік дүкен сияқты шағын кәсіпкерлер қатты қиналып жатыр.

Ресми мәліметке сәйкес, 60 мың қоғамдық тамақтану орындары қиын жағдайға тап болды.

Дәмханама мен мейрамханалар пандемия кезінде біраз клиенттен айырылып қалды. Ал қант қымбатшылығы жығылғанның үстіне жұдырық болды. Кейбір аймақтарда қант мүлдем жоқ, я болмаса, бағасы удай.

Бизнесмендерге тамақ ақысын көтеруге болатын еді. Бірақ олай істесек, клиенттерден біржола айырыламыз дейді.

"Бүгінде ас мәзіріндегі тағамдардың 90 процентінде қант қолданылады. Наннан бастап ет және тағысын тағы. Маринад бар, сан алуан соустарға да қосады. Қазір қанттың бағасы космос болып кетті ғой. Келісіне 800-900 теңге сұрайды. Ал бізге бағаны көтерген тиімсіз. Себебі пандемия кезінед онсыз да клиенттердің 30 проценті кетіп қалды", - дейді қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.

Ірі бизнес қант тапшылығына шыдаса, кофехана мен кондитерлік дүкен сияқты шағын кәсіпкерлер қатты қиналып жатыр. Оларға күн сайын, шамамен, 100 келі қант керек. Сол сияқты наубайханаларға да айына, кем дегенде, 500 келі қант қажет. Ал оның бағасы күрт көтерілгеннен кейін миллиондап ақша шығаруға тура келіп отыр.

"Біз банкроттық жағдайға тап болдық. Шикізат жоқ, жұмыс жоқ. Енді, не істейміз? Бүгін бе, ертең бе, жабылуымыз мүмкін. Өнім жасайтын шикізат жоқ. Иә, бағаны көтеріп, соның есебінен қант алсақ та болатын еді. Алайда ондай жағдайда жай нанның өзі 500 теңге болады, ал қарабидай наны 1000 теңге болып кетеді", - дейді кәсіпкер Екатерина Васильева.

Ауыл шаруашылғы министрі Ербол Қарашөкеев күзге қарай жағдай түзеледі деп отыр. Бірақ қазірдің өзінде қанттың ең төмен бағасы шамамен бір келісі 595-600 теңге болуы қажет екен.


Мәтіндегі ақпарат туралы