Қазақстанда ипотека қарқыны аймақтағы ең төменгі деңгейде

Қазақстанда ипотека қарқыны аймақтағы ең төменгі деңгейде
фото: https://qamshy.kz

       2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда ипотека қарқыны 1,2 трлн теңгеге (2,6 млрд долларға) яғни 16% дейін төмендеді. 

       INFOLine басылымының мәліметіне сүйенсек, аймақтағы өзге елдерде қарқынды даму байқалады.

       Қазақстанда ипотекалық несиенің басым бөлігі Отбасы банктен беріледі. Өткен жылдың қараша айында Мәжіліс «Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру туралы» заң жобасын мақұлдады. Онда ипотеканың 50%-ынан астамы мегополистерде, қалған бөлігі аудан орталықтарында, моноқалаларда және ауылдарда берілуі керек делінген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Отбасы банктің ипотекалық портфелінің құрылымы 58% республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі.

       Аймақтағы елдер арасында Беларусь ипотекалық несиелеуде ең үлкен өсім көрсеткен – 58,8%, ал Әзірбайжан екінші орында – 35%. 2023 жылдың қыркүйегінде Қырғызстанның Ұлттық банкі ипотекалық несие берудің рекордтық көлемін — 7,6 млрд теңге (1,5 млрд сом немесе 16,9 млн доллар) тіркеді. 9 айда елдегі ипотека көлемі 2,9% өсіп, 45,5 млрд теңге (9 млрд сом немесе 103,1 млн доллар) құрады.

       Өзбекстанда ипотека 2022 жылы рекордтық деңгейде дамып, 527 млрд теңге (14,4 трлн сом немесе 1,3 млрд доллар) қарызға берілген. 2023 жылдың 9 айында кредиттер беру көлемі 18,1% өсіп, 446 млрд теңгеге дейін (12,2 трлн сом немесе 1,05 млрд доллар) өсті.  Арменияда 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ипотекалық портфель елде 27,7% өсіп, 1,1 трлн (шамамен 1 трлн драм) құрады.

       Қазақстан ЕАЭО елдері арасында жан басына шаққандағы ипотекалық кредиттер бойынша Ресей мен Армениядан кейін топ үштікке кіреді. Қараша айының соңынан бастап Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 15,75% болды.

       Мемлекеттік бағдарламалар арқылы. Оған негізінен мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік осал топ өкілдері қатысады.

  • «7-20-25» бағдарламасы бойынша. Басында үйі жоқ азаматтар қатыса алады. Бірақ биыл небәрі 100 млрд теңге бөлініп отыр және оның өзі ай сайын шектеулі мерзімде ұсынылады.
  • «Отбасы банк» арқылы – үш жылдан астам уақыт қаржы жинаған және үй құнының 50 пайызын төлей азаматтар үшін ыңғайлы.
  • Екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекалық бағдарламаларының көмегімен алады.

       Bugin.kz