Қазақстанда бала туу көрсеткіші күрт өсті

Қазақстанда бала туу көрсеткіші күрт өсті

               Өткен жылы Қазақстанда 426 824 бала дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 24 514 балаға көп. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

               Қазақстанда туу көрсеткіші 2020 жылдың III тоқсанынан бастап күрт өсті –116,7 мың сәби дүниеге келді, бұл 2019 жылдың III тоқсанына қарағанда 8,4%-ке артық. 2020 жылдың IV тоқсанында өсім 2019 жылдың IV тоқсанына қарағанда 9,5% шамасында болды. 2021 жылдың I-II тоқсандарында өсім 2020 жылдың сәйкес тоқсандарымен салыстырғанда 8,4 және 10,7%-ті көрсетті.

               "Бізде карантин бэби-бумға әкелді деген пікір кең таралған, алайда, 2020 жылдың III және IV тоқсанының көп бөлігінде бұл тұжырым теріс екенін аңғаруға болады. 2020 жылдың III тоқсанында туған балалар 2019 жылдың IV тоқсанында, тіпті Ухань тұрғындары жаңа жұқпалы коронавирус туралы хабардар болмаған кезде бойға біткен", - дейді министрлікке қарасты "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Болжамдау департаменті директорының орынбасары Қайырбек Аяшев.

                Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстанда 2020 жылдың IV тоқсанында туған балалардың аз ғана бөлігі карантин кезінде бойға бітуі ықтимал, өйткені алғашқы карантиндік шектеулер 2020 жылдың наурыз айының ортасында-аяғында енгізілді.

               "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының"  болжауынша, Қазақстанда 2020 жылы бала туу көрсеткішінің өсуіне 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысына қарамастан төрт және одан да көп баласы немесе
23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенті бар отбасылар үшін ай сайынғы жаңа жәрдемақының енгізілуі себеп болған. Жәрдемақы берілетіні туралы 2019 жылдың қазан-желтоқсанында жарияланды.

                "2020 жылы Қазақстанда 426 824 бала дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 24 514 балаға көп. Бала туу өсімінің басым бөлігі (65%) кезектілік бойынша төртінші баланың тууы есебінен қамтамасыз етілді. Бала туудың 24%-ке өсуі балалардың туу кезегі бойынша бесінші есебінен қамтамасыз етілді. Осылайша Қазақстанда көпбалалы отбасылар бойынша жаңа ай сайынғы жәрдемақы негізінен кезек бойынша 4 және 5-ші баланың тууын ынталандырады", - дейді Қайырбек Аяшев.

                Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстанда 296,5 мың бала дүниеге келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ке көп.

Мәтіндегі ақпарат туралы