Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақыны беру мерзімі ұзартылмақ

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақыны беру мерзімі ұзартылмақ

       Елімізде бала күтімі бойынша бір жасқа дейін берілетін жәрдемақының мерзімі ұзаруы мүмкін. ОКҚ-де өткен брифинг кезінде "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел осылай деп мәлімдеді.

       Енді жәрдемақы қосымша жарты жылға дейін төленбек. Әзірге бұл ұсыныс қана, мақұлдана ма, белгісіз. 

       "Біздің міндетіміз - бұл жүйенің тұрақтылығын, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету. Әлеуметтік міндеттемелер ұзақмерзімді сипатты болуы керек. Мүгедектігі бар немесе біреудің қарауындағы адамдар мұндай төлемдерді ай сайын алады. Бүгінгі жағдайды ескере отырып, бала күтімі бойынша тағайындалатын жәрдемақыны 1,5 жасқа дейін ұзарту қарастырылуда", - деді Нұрсұлу Кемел. 

      Айта кетейік, бүгінгі таңда жұмыс істемейтін әйелдер бала 1 жасқа толғанға дейін ай сайын 18-23 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады. 
       Бір реттік төлем көлемі - 38 АЕК. Ол барлық ата-аналарға табысына қарамастан, бірдей беріледі. Төртінші баладан бастап 63 АЕК төленеді.

       Stan.kz