фото: azattyq-ruhy.kz
Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 20 014 575 адамды құрайды, халық санының ең жоғары өсу қарқыны еліміздің үш қаласында байқалады.
Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адамды құраған, оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.
Сонымен қоса деректе 2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артқаны, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өскені айтылады.
“Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40%”, – делінген ақпаратта.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через