Үкіметтің қаулысына сәйкес ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға бакалавриат немесе магистратураға берілетін берілетін білім гранты мен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Қаулыға сәйкес гранттар санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі.
"Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі", – делінген Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысында.
Бұрынғы қаулыда гранттардың 30%-ы конкурс негізде тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізілілген еді.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через