Қазақстанда әскери қызметкерлердің зейнетақысы қайта есептеледі

Қазақстанда әскери қызметкерлердің зейнетақысы қайта есептеледі

Қазақстанда әскери қызметкерлердің зейнетақысы қайта есептеледі. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды.

 

Әлеуметтік кодекске сәйкес келтіру мақсатында әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді.

"Жоба 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін толық сомаға дейін жеткізуді ескере отырып, толық емес мөлшерде қайта есептеуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Құжатты қоғамдық талқылау 31 мамырға дейін жалғасады.

Tengrinews.kz