Қазақстанда ақбөкендер саны көбейіп келеді

Қазақстанда  ақбөкендер саны көбейіп келеді

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ондаған жылдан соң браконьерлер кесірінен сайын далада киік азайып кетті. 1990 жылдары Қазақстанда киіктің саны миллионға жуық болса, он жылдан соң бұл көрсеткіш 20 есеге азайған. Жануарды Қытай медицинасында жоғары бағаланатын мүйізі үшін аулайтын болды. Кейінгі жылдары Қазақстан үкіметі қорғалатын табиғи аймақтар құрып, популяцияны қорғау шараларын қабылдады. Заңсыз аң аулағандарға жазаны қатайтып, 12 жылға дейін түрмеге қамайтын болды. Ғалымдар киіктің құрып кетуден аман қалуы Қазақстан билігінің әрекетіне байланысты деп санайды.

Эрофототүсірілім дерегінше, 2019 жылы Қазақстанда 334 мың киік болса, 2021 жылы 842 мыңға жеткен. "Ұрғашы киік жыл сайын егіз туады. Бұл киік санын тез көбейтуге көп мүмкіндік береді. Жануар түрінің табиғи тұрақтылығын ескерсек, үміт бар" дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының маманы Альберт Сәлімгереев.Сәуірде жүргізілген зерттеу киіктің жалпы саны анағұрлым көбейгенін ғана емес, елдің оңтүстігіндегі Үстірт популяциясының кенеттен қалпына келгенін көрсетеді.