Қазақстанда 36 ЖОО бір жыл ішінде лицензиясынан айырылды
Жоғары оқу орындары болашақ педагогтарды даярлайды. Бірақ олардың педогог дайындаудағы білім сапасы алаңдатарлық жағдайда, дейді Блім министрлігі. Қазақстанда педагогтарды даярлап келген 36 жоғары оқу орны осы бағыт бойынша лицензиядан айырылды.
"Бір жыл бұрын елімізде 86 жоғары оқу орны педагог даярлады. Біз әрқашан олардың 186 болуы мүмкін екенін айтамыз. Ең бастысы сапа болуы керек. Өкінішке орай, педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының сапасы біздің талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан да біз даярлаудың осы бағыты бойынша арнайы біліктілік талаптарын қабылдадық. Бір жылдың ішінде біз 86 ЖОО - дан 50-ге дейін қысқарттық", - деді Аймағамбетов тамыз конференциясында. Нәтижесінде 36 жоғары оқу орны болашақ педагогтарды даярлауға арналған лицензиясынан айырылды. Бұл қандай оқу орындары, министр нақтылаған жоқ.
"Бұл біздің пікірімізше, біздің тексерулеріміз көрсетіп отырғандай, дайындықты жеткілікті түрде тиімді, сапалы жүзеге асырмаған жоғары оқу орындары", - деп қосты ол.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через