фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов
Синоптиктер елімізде алдағы күндері қанша градусқа дейін аяз болатынын айтты.
Кең антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ашық аязды ауа райы болжанады.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар түрінде жауын-шашын жауады және де боранмен жел күшейеді, деп жазды tengrinews.kz.
"Негізгі температуралық фон Республикамыздың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде 25-33 градус, күндіз 15-23 градус аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 градус аяз, ал батыста түнде 8-18 градус аязға дейін, күндіз 3-15 градус аязға дейін күтіледі", - делінген хабарламада.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через