фото: bangkokbook.ru
"Қазгидромет" РМК 16-18 қарашада ауа райы қандай болатынына болжам жасады.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Солтүстік циклонның ықпалымен және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі: 18 қарашада еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар күтіледі. Бірақ қарашада жылы ауа райы сақталады.
"Оңтүстік аймақтарда 16-17 қарашада жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы және күндізгі температура 19-24 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, ал кезеңнің соңында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанады", - делінген хабарламада.
Дереккөз tengrinews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через