Қазақстанда 2024 жылдан бастап кәсіпкерлерге тексеріс күшейтілмек

Қазақстанда 2024 жылдан бастап кәсіпкерлерге тексеріс күшейтілмек
фото: Фото: freepik.com

Қазақстанда 2024 жылдан бастап базарлар мен сауда орталықтарындағы кәсіпкерлердің кассалық аппараттарының бар-жоғын тексеру басталмақ. 

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

"Салықтық басқару аясында кассалық аппараттарға 100% көшуді жаңғырту мерзімі басталады, яғни 2024-2025 жылдары бұған үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан 2024-2025 жылы тексерістерде жаңа құралдар, соның ішінде камера құрылғылары да пайдаланылады. Сонымен қатар қоғам белсенділері де кассалық аппараттары жоқ жерлерді анықтауға көмектеседі", – деді Шаққалиев.

Министр сатушылардың көпшілігінде кассалық аппарат бар екенін, бірақ оны барлығы пайдалана бермейтінін атап өтті.

ҚазАқпарат