Қазақстанда 17 мыңнан аса кәсіпорын жабылды

Қазақстанда 17 мыңнан аса кәсіпорын жабылды

                Жыл басынан бері елде 17 мыңнан аса кәсіпорын жабылған. Бұл былтырмен салыстырғанда 35 процентке көп. Басым бөлігі сауда және көлік жөндеу салаларында. Статистика бюросының хабарлауынша, 6 мың кәсіпорын қызметін тоқтатқан.

               Сондай-ақ құрылыс саласында 2178, кәсіби және ғылыми техникалық бағыттарда 1138 компания қызметін тоқтатқан. Жаппай жабылу көрсеткіші, әсіресе, қонақүй және тамақтандыру салаларында айтарлықтай жоғары. Былтырмен салыстырғанда олардың саны 87,7 процентке көбейген. Сондай-ақ қаржы және сақтандыру, ақпарат және байланыс салаларында жағдай мәз емес. Жалпы, мамандардың есебінше, бұл жағдай экономиканың 19 сегменттің 17-сінде байқалады.

Мәтіндегі ақпарат туралы