Қазақстанда 14,5 мың еңбек мигранты бар. Олар қайда жұмыс істейді?

Қазақстанда 14,5 мың еңбек мигранты бар. Олар қайда жұмыс істейді?

       Қазақстан аумағында 14 417 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

       Шетелдік жұмыс күші көп тартылатын қызмет түрлері:

  • құрылыс саласында – 5 262 адам (37,3%);
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 441 адам (10%);
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам (8%);
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% );
  • өңдеу өнеркәсібі –  883 адам (7%).

       Қазақстанға көбінесе төрт елдің азаматтары жұмыс іздеп келеді. Олар:

  • Қытай – 3 493  адам (25%);
  • Түркия – 1 523 адам (11%);
  • Үндістан – 1 722 адам (12%);
  • Өзбекстан – 1461 адам (9,3%).
       Жалпы Қазақстанда шетелден келген жұмыс күшін пайдаланатын 1 693 жұмыс беруші бар. Оларда 407,9 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.

        Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын шетел мамандарын тартуға арналған квота белгілейді. 2023 жылы жалпы квота 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

       Informburo.kz