фото: 24.kz
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алады:
Биыл ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан адамдар;
жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
мүгедектігі бар азаматтар;
мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жас.
Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.
Құжаттарды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.
Ескерту: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото 24.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через