Қазақстан туризмі дамыған 50 елдің қатарына қосылуы мүмкін

Қазақстан туризмі дамыған 50 елдің қатарына қосылуы мүмкін

Біздің еліміз туризмді дамыту бойынша әлемнің үздік 50 мемлекетінің қатарына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

2030 жылға дейін ішкі туристер саны 11 миллионға, шетелдік туристер 4 миллион адамға дейін өседі деген болжам бар. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов

Сондай ақ осы салада еңбек ететіндер саны 800 мың адамға дейін артады деген жоспар бар.

Туризмді дамыту шеңберінде республиканың негізгі 10 туристік аймақтың инфрақұрылымын жаңарту көзделіп отыр.

Дереккөз qazaqstan.tv. Фото tengrinews.kz