Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды

Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Шосседегі велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.

Qazsport телеарнасының мәліметінше, Қазақстан құрамасы 1 аптаға созылған Азия біріншілігінде 15 жүлдеге (8 алтын, 4 күміс, 3 қола) ие болды.

Әзірге ең көп лицензияны алған ТОП-5 мемлекет:

1. Франция – 366

2. АҚШ – 131

3. Ұлыбритания – 64

4-5. Аустралия – 45

4-5. Жапония – 45

Ақпарат дереккөзі: ҚазАқпарат