Қазақстан өзге елдерге электронды үкіметті үйретеді

Қазақстан өзге елдерге электронды үкіметті үйретеді
фото: pexels.com

 Қазақстандық мамандар Орталық Азия елдерінен келген мемлекеттік қызметкерлерге Электрондық үкіметті үйретті. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еліміздегі халықаралық даму агенттігі "Достық – Цифрландыру" бағдарламасын ұйымдастырған. Дәріс сағаттарында Қырғызстан мен Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстаннан келген тыңдаушылар “EGOV” порталының тәжірибесін зерттейді. 

Мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландырып, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған семинар 5 күнге жалғасады.

 Оқытушылар қатарындағы отандық мамандардан бөлек Сингапур мемлекеттік қызмет колледжінің профессоры да тәжірибесімен бөліседі. 

Бахром Мансуров, семинарға қатысуша (Душанбе): - Тәжікстан Республикасында қазір Электронды Үкімет бағдарламасын енгізу жұмыстары өте белсенді. Екі жыл ішінде Цифрлық басқару жүйесіне толықтай көшу туралы Президенттің жарлығы бар. Сондықтан мен бірінші кезекте электрондық үкімет қызметінің қыр-сырын үйретуді өтіндім.

Дереккөз 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс