Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздің медициналық сақтандыру жүйесінен бас тартуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Министр мұны кері қадам деп есептейтінін жеткізді.
"Медициналық сақтандыру жүйесінен бас тартуды кері қадам деп есептеймін. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен денсаулық сақтау бюджетіне өткен жылы қосымша 0,5 триллион теңге, биыл 800 миллиард теңгеден астам қаржы түсті", - деді Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл салаға құйылған үлкен инвестиция екенін атап өтті.
"Бұл қосымша жаңа технологияларға, барлық қызмет түрлерін кеңейтуге, жабдық сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл денсаулық сақтау саласына инвестиция құю мен халықтың әл-ауқатын, денсаулығының артуы. Бұдан қалай бас тарта аламыз? Сондықтан біздің міндетіміз МӘМС жүйесін жетілдіру", - деп қосты Ажар Гиният.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через