Мемлекет

Бөлісу

Қазақстан командасының Токио ойындарындағы алғашқы жүлдесі

Қазақстан командасының Токио ойындарындағы алғашқы жүлдесі

Токио Олимпиадасында Қазақтан қоржынына алғашқы медаль түсті. Дзюдошы Елдос Сметов қола медаль жеңіп алды. 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан қола медаль үшін өткен кездесуде Нидерланд елінің спортшысы Торнике Цакаджоені ұтты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, қосымша уақытта Сметовтің жасаған әдісі есепке алынды. Бұл Қазақстан командасының Токио ойындарындағы алғашқы жүлдесі. Елдос Сметов 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған болатын. Еске салсақ, бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шыққаны туралы жазған едік. Кейін ол Токио Олимпиадасының жартылай финалында сүрініп, финалға шыға алмай қалды. Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық Наохиса Такатомен кездескен болатын.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через