Қазақстан авиациясы «қара тізімге» ілінбеді
Қазақстандық авиакомпаниялар ЕО-ның "қара тізіміне " енгізілмеді. "Еуропалық комиссия бүгінгі таңда қазақстандық авиакомпанияларды Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынған авиатасымалдаушылар тізіміне ("қара тізім") енгізуге негіз жоқ деп шешім қабылдады. Еурокомиссияда Қазақстанның авиациялық билігіне наразылықтары жоқ", - деп түсіндірілді.
2021 жылғы наурызда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен азаматтық авиация комитетінің жұмысы туралы Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті тыңдалды. Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы тыңдау қорытындысы бойынша Еурокомиссия қазақстандық авиатасымалдаушыларды "қара тізімге"е нгізу туралы шешім қабылдады.
"Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті ұшу қауіпсіздігі бойынша анықталған кемшіліктерді жоюда Қазақстанның авиация билігінің қол жеткізген прогресін айрықша атап өтті". Бұл тулары Еуропалық ұтқырлық және көлік жөніндегі комиссияның бас дирекциясы Қазақстан авиация әкімшілігінің басшылығына жазған хатында айтқан.
Ұтқырлық және көлік жөніндегі Еуропалық комиссия авиация жағдайының мониторингін одан әрі жалғастырады. EASA және ЕО-ға мүше мемлекеттердің көмегімен Қазақстанға шолу сапарын өткізетін болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через