Қазақ қызы «Үздік режиссер әйел» атағын алды
Қазақстандық режиссер Шәрипа Оразбаева Лондондағы Rainbow Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер әйел» атағын жеңіп алды.
Бұл туралы Шәрипа Оразбаеваның өзі желідегі парақшасында хабарлады. Режиссер Лондонда табысталған сертификатының суретін жариялаған. Лондонда ол көпшілік назарына «Мәриям» фильмін ұсынған.
Бұл - мен үшін күтпеген жаңалық. Лондон кинофестивалінде «ең үздік әйел режиссер» атағын иеленген екенмін. Бұл Лондондағы ХХІІ Rainbow Film Festival кинофестивалі болатын, - деп жазды режиссер Instagram-дағы парақшасында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через