Қазақ боксшылары Әлем чемпионатында өзге елдің намысын қорғап жүр

Қазақ боксшылары Әлем чемпионатында өзге елдің намысын қорғап жүр

Өзбектан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өзге елдің туы астында жұдырықтасып жатқан ұлты қазақ боксшылар бар.

Кеше қытай құрамасындағы Тоқтарбек Таңатхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

photo

Opennews.kz

Қытайдың бокстан ұлттық құрамасында тағы бір қазақ боксшысы Данабек Байғазы есімді қандасымыз шаршы алаңға шыққаны белгілі болды.

Ол Ташкенттегі әлем біріншілігінде алғашқы кездесуін сәтті бастап, хорватиялық боксш Лука Пратьячичті ұтып, жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

photo

Видеодан алынған кадр

Бүгін Байғазы армениялық Давид Чалоянмен жұдырықтасып, әлемнің күміс жүлдегін жеңді.

Сондай-ақ, бүгін Өзбекстан құрамасының сапынан қандасымыз Руслан Абдуллаев шаршы алаңға шығып, екінші айқасын да қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты.

Ол бірінші айқасында Пуэрто-Рико спортшысын да жарыс жолынан шығарған болатын.

photo

Olympic.uz

Руслан Абдуллаев - 2022 жылғы Азия чемпионатының чемпионы. Осы әлем біріншілігінде 63,5 келі салмақтағы алтынға басты үміткердің бірі.

Ташкент төрінде тағы бір қандасымыз Бекнұр Қали Моңғолия елінің намысын қорғауға келген.

photo

Facebook/Aniq Kokenayuli

Өкінішке қарай, ол жарақатына байланысты алғашқы жекпе-жегіне шықпай қалды.

Сонымен қатар Бахрейн туы астында тағы бір қандасымыз Азат Махметов сынға түсіп жатыр.

Ол өткен жылдан бері 51 келі салмақ санатында аталмыш елдің намысын қорғап жүр.

photo

Қазақстан бокс федерациясы

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото sports.kz