Маманның сөзінше, қауында калория аз мөлшерде болса да, ол қорытылуы қиын өнімге жатады. "100 грамм қауында шамамен 35 килокалория болады. Қауынды аш қарынға және басқа тамақпен бірге жемеген жөн, оған қоса жемістермен араластырып жеуге болмайды. Себебі асқазанның жұмысы бұзылып, диарея пайда болуы мүмкін. Ең оңтайлы шешім – тамақтанғаннан кейін бір сағат үзілістен соң жеу керек", – дейді диетологтар. Олардың айтуынша, гастрит, өткір панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), холецистит (өт қабының қабынуы) және асқазан жарасы сынды аурулар асқынса, онда тіпті қауын жемеген абзал. Егер ішек жолдарының жұмысы бұзылса, онда қауын жеудің қажеті жоқ, себебі қауын ішек жолдарындағы проблемаларды одан әрі өршітуі мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через