Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясын өткізеді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Министрліктің бөлімшелері жыл бойы бүкіл республика бойынша кең ауқымды үгіт-насихат іс-шараларын өткізеді. Қарапайым азаматтарға жылыту жүйесі мен пештердің құрылымын қалай және қай кезеңде ретке келтіру керектігі түсіндіріледі және көрсетіледі. Бұл болашақта өзіңізді және туыстарыңызды қорғауға мүмкіндік береді», - деді Марат Күлдіков.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жылдың 10 айындағы статистикалық дерек бойынша, жатақханаларда 22 өрт тіркеліп, 6 адам қаза тапқан.
«Осыған байланысты біз республика бойынша ішкі істер органдарымен бірлесіп «Жатақхана» профилактикасы жүргізілді. Жалпы жыл соңына дейін «Улы газдан сақтан» және «Қауіпсіз Жаңа жыл» ақпараттық кампанияларын өткізу жоспарлануда, онда халыққа қалыптасқан жағдайларға қарапайым ден қою шаралары айтылатын болады», - деді Марат Күлдіков.
Дерккөз ҚазАқпарат. Фото: twitter.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через