фото: pixabay.com
Бүгін, 11 наурызда бүкіл әлем мұсылмандары үшін ең қайырлы да қастерлі ай — Рамазан басталды.
Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі бүкіл мұсылман қауымды құттықтады.
Фото: muftyat.kz
«Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді берекелі Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Рамазан — он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Рамазан — Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген қасиетті ай», — дейді бас мүфти.
Ораза — күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза — рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі.
Аузы берік жандар өзіне дөрекілік көрсеткен кейбір кісілерге «мен оразамын» деген бір ауыз сөзбен көркем мінездің керемет үлгісін көрсетеді. Нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне берілетін сый — жәннат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через