Мүлік және көлік салығы бойынша 3450 теңгеден астам берешегі бар қазақстандықтар тізімі сот орындаушыларына жолданады. Сондай-ақ сот орындаушылар қарызы бар бір миллионнан астам қазақстандықтың банк шоттары мен мүлкіне тыйым салып тастауы мүмкін. Бұл жайлы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Жалпы қазақстандықтардың мүлік және көлік салығы бойынша қарызы 29 млрд теңгеге жетіпті. Соның ішінде транспорттық қарыз сомасы 28 млрд теңгені құрайды. Мемлекеттік кірістер комитеті 40 АЕК көлемінде немесе 138 мың теңге қарызы бар азамттардың Қазақстаннан шығуына тыйым салынуы мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстандықтар биыл көлік салығын 3450 теңгеден 403650 теңгеге дейін төлейді. Салықтың нақты мөлшері белгілі бір автокөліктің қозғалтқышының көлеміне байланысты белгіленетін болады.
Жеке сот орындаушылар қосымша қарыз сомасының 25% -ын өндіріп алуға құқылы.
Сәуір айының басында Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық жүргізушілерге берешек және көлік салығын уақтылы төлемегені үшін өсімпұл есептелетінін ескерткен.
Салық берешегінің бар немесе жоқ екенін e-Salyq Azamat мобильді қосымшасына кіріп → Электрондық қызметтер → Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек қызметі → ЖСН енгізу арқылы анықтауға болады.
Kursiv.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через