фото: novostipmr.com
Қарыз төленбеген жағдайда борышкерге жылу беру тоқтатылып, берешек сот арқылы өндіріліп алынады
Алматыда жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарызды айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін «Қарызды төле, өсімпұлды алып тастаймыз!» атты науқан жалғасуда.
Науқан басталған бір ай ішінде берешектің жалпы сомасы 19 143 333,28 теңге 171 борышкер өсімпұлды алып тастау мүмкіндігін пайдаланды, акция аясында жалпы сомасы 9 154 707,59 теңге өсімпұл есептен шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, науқан 2023 жылғы 29 желтоқсанда аяқталады.
Бұл өсімпұлды үнемдеумен бірге, мүлікке, сонымен қатар борышкердің банктегі есеп шотына салынған шектеу мен тыйымды алып тастауға мүмкіндік береді.
Науқанға қатысу үшін 29 желтоқсанына дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, төлем туралы кассалық чекті info@alts.kz электрондық поштаға ұсыну қажет немесе сол аумақта орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек.
ТҚКО мекенжайлары және байланыс деректері:
- «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» ықшам ауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;
- «Орталық» ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;
- «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Наманған көшесі, 39-А, телефондары: 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.
Сонымен қатар, мына телефон 341-07-77 нөміріне қоңырау шалу арқылы АлЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады.
WhatsApp нөмірі де жұмыс істеп тұр: +7 (701) 027-11-20
Қарыз төленбеген жағдайда борышкерге жылу беру тоқтатылып, берешек сот арқылы өндіріліп алынады.
Almaty.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через