Қарағандылық зейнеткер пәтерінде купе жабдықтады
Рамазан Түсіпов ұзақ жыл бойы теміржол саласында жұмыс істеген. Ол зейнетке шыққан соң , өз пәтерінде вагон купесін жабдықтаған. Зейнеткер үйінің ішінде кәдімгі поездың атмосферасын жасауға тырысқан. Бұл жер оның немерелері үшін ерекше ойын бөлмесі. Купе ішіне орналастырылған теледидар вагон ішінде терезе сыртындағы қозғалысты бейнелейді. Сәйкесінше дыбыстар да орнатылған. Купені жабдықтауға оған бұрынғы әріптестері көмектескен. Ескі вагондардың жабдықтарын табу оңайға тимеді дейді ол. Зейнеткер жасаған купе немерелері үшін ойын бөлмесі болса, ересектер үшін настальгия орыны. Поездың тербелесі ұйқыңды келтіреді, сондықтан зейнеткер өзі жабдықтаған купеге келіп тынығып алатындығын айтады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через