Қазіргі таңда мұндай орталықтар Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында жұмыс істейді.
Қазақстанда соңғы 15 жылда қант диабетіне шалдыққан науқастар саны артып келеді. 2022 жылы скринингтік тексеруден өткен 1,5 миллион адамның 18 мыңынан қант диабеті анықталған. 2023 жылдың басындағы дерек бойынша, қант диабетімен диспансерлік бақылауда 449 мың адам тұр. Өткен жылмен салыстырғанда науқастар саны 40 мыңға артқан. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарына берген жауабынан белгілі болды.
Премьер-министр, сондай-ақ 2023-2025 жылдары Қарағанды, Атырау және Сарыағаш қалаларында диабет орталықтарын ашу жоспарланып отырғанын айтты. Қазіргі таңда мұндай орталықтар Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Дегенмен, қант диабетіне шалдыққандардың саны артуымен байланысты эндокринолог мамандарының тапшылығы да туындап отыр. Денсаулық сақтау жүйесінде 53 эндокринолог дәрігер тапшылығы байқалады. Республикада қазіргі уақытта «эндокринология» бейіні бойынша 964 дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде жеке секторда жұмыс істейтіндер де бар.
Inform.buro
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через