Алматы облысының, Қапшағай қаласында бірнеше жыл бойы қараусыз бос қалған көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілуде.
Қала әкімдігі шаһардағы төрт ғимараттың үшеуіне инфроқұрылым жүйесін орнатып, жөндеу жұмыстарына инвестор тартып жатыр. Алдағы уақытта қаланың сәнін кетіріп тұрған нысандар да жөнделіп, толық жаңартылмақшы. Мысалы қаланың қақ төрінде кезінде наубайханашыларға тиісті жатақхана болатын, қайта құру кезеңінде өндріс тұалап, жатақхана жекеменшіктің қолына өтіп кеткен. Содан жатақхана қараусыз қалған.Сол ғимарат енді тұрғын үй болып пайдануға беріледі. 20 жыл қаңырап тұрған баспана енді көрікті тұрғын үйге айналды. Ол үйге 60 отбасы қоныстанбақ. Әкімдіктің айтуынша жөндеу жұмыстары аяқталмай-ақ пәтерлер сатылып кеткен.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, әтерлер құрылыс аяқталмай жатып-ақ сатылып кеткен.
– Биылғы жылы үш үй салынып бітеді, 188 пәтер берілетін болады. Сонымен қатар келесі жылы үш алпыс пәтерлі үй салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта проектілік жобалық құжаттары дайын, экспертизасы өткізілген. Құрылыс монтаждау жұмыстарына өтінім берілген. Жергілікті билік келесі жылы тағы бір көпқабатты үйді жөндетіп, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Сол кезде қаладағы қараусыз қалған нысандар мәселесі толықтай шешімін тауып, өзектілігін жояды, - дейді Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через