фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@cheasomben/
Адам ағзасына ең зиян балмұздақ түрі - пломбир, өйткені оның құрамында қант пен май бірігеді. Бұл туралы диетолог Михаил Гинсбург айтты.
"Егер пломбир сүт пальма майы және т.б. алмастырғыштардан дайындалған болса, оның құрамында транс майлары да болуы мүмкін. Бұдан бөлек, гликацияның соңғы өнімдері де болуы мүмкін. Осы фактордың барлығы тамыр қабырғасына теріс әсер етеді, атеросклероздың даму қаупін арттырып, өмір сүру ұзақтығын қысқартады", - деп ескертті дәрігер.
Маманның сөзінше, мұздатылған жеміс шырыны зияны азырақ. Алайда, оны сатып алсаңыз, құрамында қант мөлшері көп болуы ықтимал.
Сонымен қатар, Михаил Гинсбург балмұздақтың барлық түрін тұтыну жұтқыншақ, көмей гипотермиясына әкеп соқтыруы мүмкін.
Дәрігер-терапевт, диетолог, медицина ғылымдарының докторы Маргарита Королева бұған дейін ең пайдалы балмұздақ түрі үйде дайындалатынын айтқан еді. Ал егер ол табиғи өнімдерден дайындалса, денсаулыққа мүлде зиян тигізбейді.
Айта кетейік, бұған дейін балмұздақты қалай таңдау керегі хабарланған болатын.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через