Қайтыс болған адамның несиесі мұрагерлеріне міндеттеле ме?

Қайтыс болған адамның несиесі мұрагерлеріне міндеттеле ме?
фото: aikyn.kz

       Мұрагерлік істер жөніндегі адвокат Нариман Сүлейменовтің сөзінше, несиесі бар адам қайтыс болған жағдайда оның қарызы мұрагерлеріне міндеттеледі, сондықтан ол адам мұрагері ретінде қарызды қайтаруға міндетті. Бұл жағдайда мұрагер оның мүлкінен бөлек, қарыздарына да ие болады дегенді білдіреді.

       Оның сөзінше, адам мұрагерліктен бас тартса, онда оның қарызынан да бас тартқан болып саналады. Яғни банк қайтыс болған адамның артында қалған қарызды тек мұрагерінен сұрайды.

       Ал адам мұрадан бас тартпай, оны алатын болса, қайтыс болған адамның қарызын қалдырып кеткен мұрасының құнынан аспаған сомасын ғана төлейді. Басқаша айтқанда, мұрагерлік мүлік 5 миллионға бағаланса, ал қайтыс болған адамның қарызы 8 миллион болса, мұрагер қайтыс болған адамның тек 5 миллион қарызын өтеуге міндетті.

       Несие алған адамның артында мүлдем мұрагер болмаған жағдайда қарыз беруші (банк немесе микроқаржы ұйымы) қарызын өндіріп шығара алмайды екен.

       Aikyn.kz