«Қайрат» атақты «Спортингтен» басым түсті

«Қайрат» атақты «Спортингтен» басым түсті
фото: prosports.kz

Алматылық «Қайрат» футзалдан Португалияда өтіп жатқан «International Masters Cup» турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Алматылық клуб аталған турнирдің бірінші кездесуінде Португалияның «Спортинг» командасымен шеберлік байқасты. Ойын 6:3 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаз команда сапынан Денер Родриго, Кайо Руис, Эдсон (дубль), Дәурен Тұрсағұлов және Алиссон мерендігімен көзге түсті.

Айта кетсек, турнир топтық кезең форматы негізінде өткізіледі.

Аталған турнирдегі алматылық клубтың қарсыластары – сол елдің «Спортинг», «Бенфика» және «Брага» командалары.
Португалияның «Спортинг» командасы соңғы 7 жылда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалына 6 рет шығып, екі рет чемпион болған.