фото: https://sputnik.kz
Қай қалаларда баспана бағасы өсті
Қыркүйек айында қолданыстағы үйлер нарығындағы пәтерлердің бағасы 10 қалада өсті, деп хабарлайды Krisha.kz сайты.
Ең жоғары өсім Алматыда тіркелді, +1,9 процент. Осы қалада бір шаршы метрдің орташа бағасы 671,3 мың теңгені құрады.
Семейде 1,3 процентке (353,8 мың теңге), ал Астанада 1,2 процентке (481,6 мың теңге) көтерілді. Қалған жеті қалада өсім бір процентке жетпейді. Олар:
Ақтөбеде +0,9 %, бір шаршы метрі үшін 277,1 мың теңге;
Оралда +0,8 % (306,5 мың теңге);
Шымкентте +0,4 % (421,5 мың теңге);
Таразда +0,2 % (296,3 мың теңге);
Павлодарда: +0,2 % (362,5 мың теңге);
Көкшетауда +0,1 % (322,3 мың теңге);
Ақтауда +0,1 % (294,4 мың теңге).
Баспана бағасы үш қалада ғана өзгерген жоқ. Атап айтқанда, Өскемен, Талдықорған және Қарағандыда бағалар тамыз айындағы деңгейде қалды. Ал Қызылорда, Атырау, Қостанай мен Петропавлда баспана бағасы 0,1-1,3 процентке төмендеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через