фото: osgrm.kz
Мәдениет және спорт министрлігі архивке тапсырылуы тиіс құжаттарды жиі жоғалтатын ведомстволарды атады.
Жергілікті атқарушы органдардың сараптамалық-тексеру комиссияларының отырыстарында құжаттардың жоғалу фактілері анықталады. Бұған біліктілігі төмен мамандардың құжаттарды сапасыз ретке келтіруі себеп.
"Мәселен, Әділет министрлігінің үш құрылымдық бөлімшесінде 2010-2016 жылдары 317 құжаттың жоғалғаны анықталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде - 195, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде - 47, Қаржы министрлігінде - 4 құжат жоғалған. Бұл осы ұйым қызметкерлерінің жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін және зейнетақы қорына аударымын растай алмауына әкеп соғады», - делінген министрлік деректерінде.
Сонымен бірге, бүгінде архив құжаттарының 97,8% өрт қауіпсіздігі төмен ғимараттарда сақтаулы тұрғаны мәлім болды.
Тағы бір мәселе – еліміздегі мұрағаттарда құжат қабылдайтын орын тапшы.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото osgrm.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через