Президент Е. Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Президент Е. Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
фото: https://pixabay.com/ru/

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік теннис турнирінде топ жарған қазақстандық спортшыны жеңісімен құттықтады.

 «Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!», – деп жазылған Мемлекет басшысының Instagram парақшасында.

Ақпарат дереккөзі:  www.24.kz