фото: pixabay.com
Үкіметтің баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жасады.
«ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл — жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр.
Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз», — делінген Үкіметтің дерегінде.
Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
Фото: Үкімет
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через