“Полиция барысы – 2023” чемпиондық белбеуінің иегері анықталды

“Полиция барысы – 2023” чемпиондық белбеуінің иегері анықталды

Алматыда “Полиция барысы – 2023” чемпиондық белбеуінің иегері анықталды, – деп хабарлайды Standard.kz.

Алматы қаласы ПД-да қазақ күресінен дәстүрлі турнир өтті. Бұл – 17 командадан тұратын 77 қатысушының басын қосқан ауқымды спорттық шара. Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өтті.

Турнир кестесі келесідей: Бірінші орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасағының құрама командасы иеленді. Екінші орын Түрксіб аудандық полиция басқармасының құрама командасына бұйырды. Ал үшінші жүлделі орынды Бостандық аудандық полиция басқармасының командасы иеленді.

“Полиция барысы – 2023” чемпиондық белбеуінің иегері Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ инспекторы Есдәулетов Райымбек болды.


Фото Ratel.kz