Алматы полициясының қызметкерлері қала тұрғындарына концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Standard.kz. Ашық аспан астындағы концерт Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды. Бұл кеште қаланың полиция департаменті ансамблінің солистері белгілі халықтық, патриоттық және эстрадалық шығармаларды орындады. Көрермендер өздеріне таныс әуендерді тыңдап, ән ырғағымен рахаттана биледі.
–Қазақстан полициясы күні қарсаңында ПД ансамблінің әртістері мен қызмет өкілдері мазмұнды концерттік бағдарлама, сондай-ақ жедел қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері мен кинолог-мамандар қызметтік-ізкесуші иттермен тамаша қойылымын ұйымдастырды. Жүздеген азамат ауқымды қозғалыстың белсенді қатысушылары болды, сол арқылы біздің бастамамызды қолдады. Азаматтар полиция қызметкерлерінің жақсы физикалық дайындығы және олардың шығармашылық қабілеттерін өз көздерімен көрді. Осы қасиеттердің барлығы біздің жедел-қызметтік міндеттерімізді ойдағыдай орындауға оң әсерін тигізіп жатыр, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
Алматы полиция департментінің ансамблі 1963 жылы құрылған. Міне, 60 жылдан бері бұл ұжым музыкалық және поэтикалық өнері арқылы жеке құрамды қызметтік және азаматтық борышқа адалдыққа, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, бөлімшелерде салауатты моральдық-психологиялық ахуалды, берік қызметтік тәртіпті қалыптастыруға, қызметкерлердің адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамы биік адамды қалыптастыруға атсалысып келеді, деп жазды polisia.kz.
Фото polisia.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через