фото: ШҚО ТЖД
Елордада жаңа жыл қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перотехникалық бұйымдарды қолдану тәртібін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Елордада «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы басталды. Акцияның мақсаты – мерекелік жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде ережелер мен талаптардың сақталуына қоғамның назарын аудару. Сондай-ақ мерекелік іс-шараларды өткізу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттің алдын алу.
«Бүгін полиция департаменті және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, пиротехеикалық бұйымдарды қолдану және сақтау объектілерін тексеру бойынша «Пиротехника -2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр», - деді Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мадияр Мырзагелдиев Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Пиротехника қолдану ережесінің сақталмауы адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі әбден мүмкін екені ескертілді.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через