Бұл туралы Жетісу облысының ақпараттық алаңында «Педагогтерді аттестаттау» тақырыбында өткен брифингте Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Ғалия Мұхаметова айтты.
«Білім туралы» заңның талаптарына сәйкес мұғалімдерді кәсіби шеберлегін, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіруге міндетті. Шеберлікті растау үшін әр мұғалім 5 жылда бір рет аттестациядан өтуге тиіс.
Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 1 наурыздан бастап аттестаттаудан өтетін педагогтердің құжаттарын қабылдау жұмыстары басталды.
Биыл министрліктің №533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол қандай өзгерістер? Біріншіден, педагогтерді аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Мысалы, былтыр №561 бұйрықта педагогтер алдымен тесттен өтіп, содан кейін оның нәтижесі бойынша портфолиосын тапсырса, биыл бұл ереже өзгертілді. Яғни педагог алдымен сараптамалық кеңеске өзінің портфолиосын өткізеді. Кейін сараптамалық кеңес аттестация комиссиясына «сәйкес» немесе «сәйкес емес» деген ұсыныс жасайды. Осының нәтижесі бойынша мұғалім келесі тестілеу кезеңіне қатысады. Аттестацияда педагогтер тест тапсырады және эссе жазады, - деп айтты Ғалия Мұхаметова.
Ол биыл тағы қандай болатынына тоқталды.
Биыл балабақша, мектеп, колледж педагогтеріне «педагог-тағылымдамашы» біліктілік санаты беріледі. Бұл санат тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курсынан өткен, педагогикалық қызметке алғаш рет келген, сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланғанға дейін соңғы 5 жыл ішінде педагогикалық қызметті жүзеге асырмаған, ұлттық біліктілік тестінен сәтті өткен мамандарға беріледі, - деді орталық директоры.
Сонымен қатар колледждерде арнайы пәндер бойынша педагогтер және бейіні бойынша кемінде екі жыл өндірістік өтілі бар оқыту шеберлері лауазымдарына биыл алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен педагогтер ұлттық біліктілік тестінен өтпей-ақ «педагог» біліктілік санатын алады. Яғни өндірісте жұмыс істеп, кейін колледжге жұмысқа ауысқандар тест тапсырмастан біліктілік санатын ала алады.
Онымен қоса 30 жыл және одан да көп жыл еңбек өтілі бар педагогтер, сондай-ақ ескі жүйе бойынша І және жоғары санатты педагогтер педагог-модератор санатына тест тапсырмай-ақ ауысуға мүмкіндік бар.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через