фото: pavlodarnews.kz
Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды. Салдарынан ішінде 4 жолаушы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті, деп хабарлайды Kazinform.
Қазір опырылған жердің тереңдігі — 150 метр, ұзындығы — 150-200 метр, ені — жарты шақырым деп шамаланып отыр. Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Автобус жер астына 4 қаңтар түнгі сағат 01:25 шамасында құлаған.
Оның ішінде құтқарушылар мен жүргізуші болды.
«Апат кезінде автобуста 4 адам — кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен жүргізуші болды. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, » — деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы жүр.
Психологтар жұмыс істеуде.
Құтқару жұмысына 40-тан астам адам, 13 техника және дрон жұмылдырылған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через